Елордада жаңа жылда 32 сәби дүниеге келді

1 Қаңтар 2021, 13:27
1603
Бөлісу:
Елордада жаңа жылда 32 сәби дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қаңтардың 12:00 сағатына сәйкес елордада 32 бала дүние есігін ашты.  Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Басқармасының ақпараты бойынша көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік бөлімдерінде түнгі 00:00-ден қазіргі уақытқа дейін 16 қыз және 16 ұл бала туылды. Өткен жылмен салыстырғанда 8 балаға көп.

Орта есеппен тәулігіне 30-35 бала дүниеге келеді.

Өзгелердің жаңалығы