Бас жаңалықтар
Елордада жаңа жол белгісі пайда болды
17 Сәуiр 2021, 23:12 307

Елордада жаңа жол белгісі пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада алғаш рет жол белгісі ретінде сары сызық қолданылды. Бұл қала көшелерінде жол апатын азайтуға бағытталған пилоттық жоба. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінен хабарлады.

Департаменттің мәліметінше Мәңгілік ел даңғылындағы бөлу жолағы сарыға боялды. Бұл жол апатын азайтуға бағытталған. Пилоттық жоба аясында Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін жол белгісі ретінде сары түске боялды.
Жұмыс эксперимент ретінде жүргізілді. Бұл белгіні Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр, – деп жазылды хабарламада.
Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупековтің пікірінше, мұндай белгі көлік иесіне жолда мұқият болуға мүмкіндік береді.
Бұл белгі жүргізушілердің жолға назар салуына мүмкіндік береді, сондай-ақ қыста ауа райы нашарлап, жауын-шашын түскен кезде жол қауіпсіздігі деңгейін арттырады, – деді Елжан Чупеков.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...