Бас жаңалықтар
Елордада жаңа бағыт бойынша автобустар жолға шықты
13 Ақпан 2020, 08:56 123

Елордада жаңа бағыт бойынша автобустар жолға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жаңа №24А бағдары іске қосылды. Бұл туралы Smart Astana Bot қызметінде хабарланды.

Бұл бағдар "Өндіріс" (Лесозавод) шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша ашылған.
Бағдар өз қозғалысын 2020 жылдың 10 ақпанынан бастады. Жаңа бағдардың №24 бағдардан айырмашылығы қандай? №24А бағдардың қозғалыс сызбасы негізгі бағдарға қарағанда қысқа. Жаңа бағдар тек "Өндіріс" ауданына дейін жүреді. Бастапқы аялдама – "Сусамыр көшесі", соңғы аялдама – "Бастау" ауданы, – делінген хабарламада.

Бағдардың қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде танысуға болады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...