Елордада жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

27 Қаңтар 2020, 09:53
1639
Бөлісу:
Елордада жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындарына видео үндеу жолдады.

Қазір сағат түнгі үш, 27 қаңтар 2020 жыл. Ауа райының нашарлауына байланысты мектептерде, колледждерде сабақ болмайды. Сонымен қатар ЖОО мен орта білім беретін мекемелерде сабақты тоқтатуды сұраймыз. Ал бизнес құрылымдарға, мекемелер мен ұйымдарға жұмыс күнін қысқартуға кеңес береміз, - деді полковник Сыздықов.
Коммуналдық қызмет қардың толассыз жаууынан күн-түн жұмыс істеп жатыр. Барлық учаскелерді, жолдарды арнайы техника қардан тазартып жатыр. Бірақ қар борап тұрғанынан бірден қайта басып қалып жатыр. Сондықтан, қозғалысты мейлінше шектеуге, шұғыл шаруа болмаса шықпауға кеңес береміз, - деді әкім орынбасары.

Полиция департаментінің басшысы қажет болмаған жағдайда ешқайда шықпауға кеңес берді.

Қоғамдық көлікпен жүріңіздер, бір тәуліктің ішінде 100-ден аса жол көлік оқиғасы болды, - деді Ержан Сәденов.



Өзгелердің жаңалығы