Елордада "You Fest" фестивалі өтеді

19 Маусым 2019, 20:17
1681
Бөлісу:
Елордада "You Fest" фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 маусым күні елорда күнін мерекелеу аясында қазақстандық жас орындаушылардың "You Fest" музыкалық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль Орталық саябақта өтеді. Келушілерге брейк-данс, хип-хоп, крамп, хаус, вог, дэнс холл және поппинг сияқты заманауи би түрлерінің сайысы ұсынылады.

"Бишілердің шеберлігін сағат 10:00-14:00 аралығында тамашалауға болады. Жарыстың нәтижесі бойынша бірінші орын иеленген бишіге «All styles You Fest» үздік биші атағы беріледі. Мерекелік кеш ашық аспан астындағы концертпен жалғасады. Сахна төрінде Ziruza, Baller, Шоу Ирины Кайратовны, Moldanazar және Ninety One сияқты 40-қа жуық талантты орындаушы өз өнерлерін ортаға салады. Фестиваль сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін өтеді", - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы