Елордада үйінен кетіп қалған екі бала табылды

22 Тамыз 2019, 09:54
1651
Бөлісу:
Елордада үйінен кетіп қалған екі бала табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қаланың Есіл ауданының полиция бөлімшесінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Есіл" аудандық полиция басқармасына Алпысбаева деген азаматшадан тамыздың 20-да шамамен 21.30-да Красивая көшесіндегі жеке үй ауласында ойнап жүрген 2009 және 2010 жылғы кішкентай балалар  белгісіз жаққа кеткені және қазіргі таңға дейін олардың қайда жүргенінен бейхабар екені жайлы хабарлама келіп түсті" , - делінген таратылған хабарламада.

Анасының сөзіне қарағанда, балалар бұрын да бірнеше рет үйінен кеткен.

"Аталған факті бойынша "Есіл" аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлеріне бағыттама беріліп, ойын-сауық орталықтарындағы қауіпсіздік қызметтері жұмылдырылып, нәтижесінде 21 тамызда сағат 20.10-да кішкентай балалар табылып, ата-анасына табысталды", - делінген таратылған хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы