Ыбырай Алтынсаринге арналған халықаралық конференция өтті

2 Қараша 2021, 20:00
2402
Бөлісу:
Ыбырай Алтынсаринге арналған халықаралық конференция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордағы №83 мектеп-гимназиясы қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай халықаралық конференция өткізді.

Жиын №83 мектеп-гимназиясында оффлайн және онлайн форматта өтті.

Конфереция мақсаты - Ы.Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның көзқарастарын жаңа білім беру жүйесінде іске асыру.

Таңертең қонақтарды қарсы алып, мектепті аралап танысты.Конференция екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде профессорлер мен ғалымдар баяндама жасап, мақала оқылды.

Конференцияны №83 мектеп-гимназия директоры Теменова Сәуле Ермұханқызы алғы сөзбен ашты. Құттықтау сөзді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бектайұлы Бейсембаев бастап, Нұр Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Куптлеуова Багымкул Абубакировна, «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының басшысы Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы ,Білім беруді жаңғырту орталығының қазақ тілі мен әдебиеті әдіскері, тренері Кулмагамбетова Акслу Шинбулатовна, “Нұр-Отан” партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхамеджан Болысбектер жалғастырды. Ал, ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептерінің басшысы Ким Леонид Леонидович конференцияға онлайн қатысты.

Конференцияда бірінші баяндаманы ақын, публицист, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Серікбай Оспанов бастады. Түркия елінің Измир қаласынан шақыртылған Ыбырайтанушы ғалым, Эгей университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Метин Екичи баяндамасын оқып, алғысын білдірді. 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлікуниверситетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Қалқаман Хасенұлы Жақып Ыбырай атамыз туралы тың, құнды мәліметтермен бөлісті. Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейфитден Назымбекұлы Сүтжанов, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Ахметұлы Әбсадық, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Болат Сағынбекұлы Қорғанбеков, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шынар Қапантайқызы Құрманбаева, Мұғла Сыткы Кочман университетінің доценті, PhD доктор Экрем Аян және Торғай мұражайлар кешенінің директоры Гүлбану Күлетқызы Сәрсек Ыбырай Алтынсаринның білім жолында атқарған ерен еңбегіне, қажырлылығына тоқталды.

Конференцияның екінші бөлімінде қойылым көрсетті. Қойылымға №83 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен театр үйірмесіне қатысатын талантты оқушылар және Нұр-Сұлтан қаласы «Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры» ҚР еңбек сіңірген әртісі Болат Ибраев Ыбырайдың рөлін сомдады. Көпшілік қауым жас Ыбырайдың рөлін сомдаған 3-сынып оқушы Батырхан Әбілхайырдың талантына тәнті болды. Конференция жоғары деңгейде өтіп, қонақтар алғысын, ұсыныстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы