Бас жаңалықтар
Елордада "Мәміле" клубы ашылды
12 Қараша 2019, 14:03 441

Елордада "Мәміле" клубы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Достық үйінде "Мәміле" атты қазақ тілі пікір алмасу клубының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Аталған маңызды шараға жастар қанатының мүшелері, қазақ тілі пәнінің оқытушылары және ана тіліне жанашыр қауым қатысты.

Іс-шара модераторы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ляззат Сейітқазықызы Құсайынова елордадағы Достық үйінен ашылып отырған "Мәміле" қазақ тілі пікір алмасу клубының маңызын атап өтіп, мемлекеттік тіл аясын кеңейтуге байланысты ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді. 
Жалпы биылдың өзінде төл мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді, ана тілімізді және барлық саланы дамытуға бағытталған бірқатар істер атқарылды. Соның бастысы ретінде "Қазақтану-ел бірлігінің негізі" атты ауқымды шараны атап өтуге болады. Бұл ретте "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында да көлемді істер атқарылды. Біз мемлекеттік тіл маңызын арттыру арқылы түрлі саладағы ауқымды жұмыстарды еңсеруге үлес қосып келеміз. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі ашылып отырған "Мәміле" қазақ тілі пікір алмасу клубының маңызы өте ерекше, - деді Құсайынова.
"Мәміле" жобасының жетекшісі, "Ситуативный казахский" әдістемесінің авторы Қанат Тасыбеков, "Тен" лингвоорталығының жетекшісі Владислав Тен және про­фес­сор, философия ғылым­да­рының докторы Қазбек Қазкенов мемлекеттік тілдің маңызын атап өтіп, оны таза қалпында сөйлеу әрі жазу қажеттігіне басымдық берді.

Қ. Тасыбековтің мәлімдеуінше, бүгінде республика бойынша бас-аяғы 17 "Мәміле" қазақ тілі пікір алмасу клубы ашылған. Сонымен бірге, ол әр жылдары 3 том болып шығарылған "Ситуативный казахский" әдістемесінде тілге қатысты жеткілікті мәліметтердің қамтылғанын және тілді еркін меңгеруге болатындығын атап өтті.



Фото: дереккөз
Загрузка...