Елордадағы ірі жол апатынан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

2 Сәуір 2019, 22:04
1957
Бөлісу:
Елордадағы ірі жол апатынан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №2 қалалық ауруханада 12 адам, Ұлттық нейрохирургия орталығында 1 адам ем қабылдауда. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында елордада автобустардың қатысуымен болған ірі жол апатынан зардап шегушілердің қазіргі жағдайы туралы айтылды.

 «Қазіргі таңда №2 қалалық ауруханада 12 адам қалып отыр. №2 қалалық көпбейінді аурухана хабарламасына сай зардап шегуші сегіз жанның жағдайы қанағаттанарлық, ал қалған төрт адамның жағдайына орташа деген баға беріліп отыр. Екі зардап шегуші үйіне жіберілді», – делінген ведомствоның хабарламасында.

 Бір адам Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алуда. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, пациенттердің жағдайы тәулік бойы бақылауда. Науқастар барлық қажетті терапияны алуда.  


Өзгелердің жаңалығы