Елордадағы ескерткіштер күрделі жөндеуден өтеді

21 Қаңтар 2020, 13:43
1497
Бөлісу:
Елордадағы ескерткіштер күрделі жөндеуден өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық тарихи және мәдени ескерткіштер күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлады Елорда Инфо.

Биыл елордада аталып өтілуі тиіс айтулы оқиғалар молшылық. Оның ішінде, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойынан бөлек, екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдық мерекесі және тағы басқа. Жеңіс мерекесін атап өтуді жоспарға сәйкес білім мекемелерінде, жоғары оқу орындарында ақпан айынан бастаймыз. Қазір елордадағы ең жас ардагердің жасы 91-де. Жалпы саны 52 ардагер бар. Шынын айтқанда, саусақпен санарлық қана ардагеріміз қалды. Сол кісілерге де ерекше көңіл аударуымыз қажет. Біраз ардагеріміз қалада тіркелгенімен ауылда тұрып жатыр. Бірақ, біз оларды ауыл, қала деп бөлмей тең деңгейде қараймыз, - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әкімдікте өткен жиында.

Оның айтуынша, ескерткіштердің күрделі жөндеу жұмыстары алдағы сәуір айына дейін бітуі тиіс.
Қаладағы ескерткіштер ескіріп барады, оларға күтім қажет-ақ. Сондықтан күрделі жөндеу үшін арнайы қаражат бөлдік. Толығымен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Оны сәуір айына дейін бітіруіміз керек. 9 мамырға дейін дайын болуы тиіс. Жалпы, қалада барлық ескерткіштерді жөндеуден өткіземіз. Абай көшесіндегі Абай ескерткішінен бастап барлығын қайтадан жаңартып, абаттандыратын боламыз, - деді ол.

Айта кетсек, кеше қала әкімі орынбасарының қатысуымен  Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту жұмыстарына арналған дөңгелек үстел өтті.


Өзгелердің жаңалығы