Елордадағы блок-бекеттер 1 маусымға қараған түні алынады

31 Мамыр 2020, 18:12
909
Бөлісу:
Елордадағы блок-бекеттер 1 маусымға қараған түні алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткізу-бақылау бекеттері 1 маусымға қараған түні алынады.

Тәулік бойы қала аумағында орналасқан блок-бекеттерде полиция қызметкерлері, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, Ұлттық гвардияның өкілдері кезекшілік етті.

Сонымен бірге блок-бекеттерде әскерге шақырылғандар да кезекшілік етті. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салу Covid-19 індетінің таралуын азайтуға мүмкіндік берді. Блокпостарға кіру және шығу үдерісі толығымен автоматтандырылған. Полиция қызметкерлерінің планшеттеріне енгізілген электрондық база тәртіпбұзушылықты анықтауға көмектесті. Мысалы, бірқатар кәсіпорындар қала бойынша жүріп-тұру үшін анықтаманы қолдан жасауға тырысты.

Азық-түлік жүктері үшін "жасыл дәліз" ұйымдастырылды, ол арқылы қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер де өте алды. Блок-постардағы жағдайды дрондармен бақылау мүмкін болды.

Өткізу-бақылау бекеттерін алу - қалыпты өмір сүру дағдысына ораламыз дегенді білдірмейді. Қалада медициналық маска киіп жүру қажет. Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска киіп, ара қашықтықты сақтап, қолды антисептикпен өңдеген жөн.

Өзгелердің жаңалығы