Елордадағы апатты жағдайға байланысты комиссияның алғашқы отырысы өтті

11 Қараша 2019, 17:04
3075
Бөлісу:
Елордадағы апатты жағдайға байланысты комиссияның алғашқы отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр елордада электр энергиясының ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтанның сол жағалауында электр энергиясының өшіп қалу себептерін анықтау және осы проблеманы шешу үшін алдын-ала шаралар қолдану мақсатында құрылған арнайы комиссияның алғашқы отырысы өтті. 

Отырыс аясында Энергетика министрлігіне жарықтың ажырау себептерін анықтау үшін шұғыл түрде сараптама жүргізу тапсырылды, алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін тиісті тексеріс жүргізу қажеттігі аталып өтті. 

Комиссия жұмысы оперативті режимде жалғасуда. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы апатты жағдайға қатысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы