Елордадағы Қабанбай батыр даңғылы кеңейтіледі

23 Мамыр 2020, 20:18
2554
Бөлісу:
Елордадағы Қабанбай батыр даңғылы кеңейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары биылғы маусым айында басталады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Есіл өзені көпірінен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары 1 маусымда басталады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елорда үшін маңызды нысанның құрылыс науқанына дайындығын тексерді. Жоба аясында жалпы ұзындығы 17,353 шақырымды құрайтын Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген.

Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстарынан өткен соң елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады. Жоба көлік ағынын арттырып, аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.


Өзгелердің жаңалығы