Елордада Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне «Естелік тақтасы» ашылды

6 Мамыр 2022, 11:52
2107
Бөлісу:
Елордада Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне «Естелік тақтасы» ашылды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндері қарсаңында Ішкі істер министрлігінің Мемориалдық кешені ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ішкі істер органдары және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ведомство қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты. 

Мемориалдық кешен Жеңістің 77 жылдығына орай және Отанын қорғап, ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері – қазақстандық жауынгерлердің құрметіне салынды. 

Отан үшін от кешкен бабалардың рухына қызмет жасау – әрқашан да біздің парызымыз. Толқынды толқын қуады дейді. Қазақ айтады  «тұлпардың дүбірін естімеген тай арғымақ бола алмайды» деп. Сондықтан бүгінгі іс-шара – болашақ ұрпаққа үлгі. Еліміздің тыныштығын, құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті сақтауға бүкіл күш-жігерімізді саламыз, – деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов. Отан үшін от кешкен бабалардың рухына қызмет жасау – әрқашан да біздің парызымыз. Толқынды толқын қуады дейді. Қазақ айтады    

Елордада Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне «Естелік тақтасы» ашылды

Айта кету керек, Ұлы Отан соғысына бір жарым миллионнан астам қазақстандық қатысты, олардың жартысынан көбі майдан даласынан елге оралған жоқ. 500-дей отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанып, 124-і –«Даңқ» орденінің толық иегері болды. 

Бұны сұрапыл Ұлы Отан соғысының кезінде елі үшін, халқы үшін жанын пида еткен, өмірін қиған талай қазақ батырларына, сол Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтардың бәріне, соғыста жеңіске жету үшін тылда еңбек еткен, ерлік жасаған біздің халқымыз үшін қойылған үлкен ескерткіш деп қарастыруымыз керек деп ойлаймын,– деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Елордада Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне «Естелік тақтасы» ашылды

Жиналғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Елордада Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне «Естелік тақтасы» ашылды

Құрметті ардагерлер! Сіздер осы батыр-бабаларымыздың ерлігін ары қарай осы бейбіт өмірде жалғастырып, біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еңбек еттіңіздер. Сіздерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қызметтеріңізді қазіргі саптағы полиция қызметкерлері жалғастыруда. Бұл – абыройлы қызмет, – деп атап өтті қала әкімі Алтай Көлгінов.

 Батырлардың есімі өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгілікке қалары сөзсіз.

Өзгелердің жаңалығы