Елордада тұрғын үйден өрт шығып, 14 адам құтқарылды

12 Тамыз 2019, 16:07
1473
Бөлісу:
Елордада тұрғын үйден өрт шығып, 14 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Времена года» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Үйдің 3 қабатындағы электр кабельдері жанып кетті. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне сәйкес, тамыздың 11-нен 12-сіне қараған түні сағат 03.01-де ведомствоның «101» пультіне Қабанбай батыр көшесіндегі «Времена года. Зима-3» тұрғын үйінің 46Б өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына тез арада Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметі жіберілді. 03.06-да келіп жеткенде 14-қабатты тұрғын үйдің 6-8 қабаттарында аумағы 9 шаршы метр жерде электр кабелдері өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен 25 адам қауіпсіз жерге шығарылды, 14 адам құтқарылды, оның 7-еуі бала. Өрт сөндірушілердің үйлесімді, әрі шапшаң әрекет етуінің арқасында өрт сағат 03.34-те ауыздықталып, 03.42-де толықтай сөндірілді. Өрттің салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді елордалық ТЖД қызметі.

Жалпы өрт сөндіру барысында жеке құрамнан 30 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің не себепті шыққаны анықталуда. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің лабораториясы жұмыс істеуде.

 

Өзгелердің жаңалығы