Бас жаңалықтар
Елордада  "True or False" чемпионаты өтіп жатыр
16 Қараша 2019, 15:53 423

Елордада "True or False" чемпионаты өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел жастары қаншалықты сыни ойлай алады? "Факт-чекинг" пен "фейк-ньюсті" ажырата аласыз ба? Қазақстандық жастардың медиасауаттылығы қандай деңгейде? Міне, осы сауалдарға бүгін елордада өтіп жатқан "True or False" чемпионаты жауап берді.


Бұл іс-шара Жастар жылын жүзеге асыру аясында қазан-қараша айларында Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеген сыни ойлау мектебі жұмысының қорытындысы болып табылады.

Тұңғыш рет өткізіліп отырған жобаны әкімдіктің қолдауымен  "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» іске асып отыр. 

Бұл үкіметтік емес оқушыларға арналған ұйым Елбасының бастамасымен 2011 жылы құрылған. Қазіргі таңда біздің "Жас Ұлан" ұйымында 1 млн-нан астам оқушылар білім алуда. Ұйым 17 өңірде жұмыс жасауда. Бұл жобаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық істер басқармасы қолдау көрсетіп отыр. Жалпы жобаны қараша айында бастадық. Тіркеуден 14 пен 29 жас аралығындағы 300-ден астам қатысушылар өтті. Еліміздің 17 өңірінен келген жастар. Олардың ішінен 150 ұл-қыз іріктеуден өтіп, 8 тренингке тегін қатысуға мүмкіндік алды, - дейді  "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова. 

Ойы жүйрік жастардың басын қосқан бұл чемпионаттың басты мақсаты - жастардың сыни ойлау деңгейін көтеру. Яғни, медиасауаттылық не екенін оларға түсіндіру. 
Факт-чекинг, фейк-ньюс дегеніміз не? Яғни, жастардың медиасауаттылығын арттырамыз. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде фейк-ньюс өте көп. Әлемнің бір түкпірінде болған дүниені Қазақстанда болды деп жариялауы мүмкін. Сондықтанда жастар барлық ақпаратқа сенбеу керек. Жалған, яғни дезинформацияны ажырата білуі тиіс. Бір фактіні көрсе, оны басқа сілтеме арқылы қайта тексеру қажет. Ол True әлде False па? Міне, бүгінгі чемпионаттың басты мақсаты осы, - деп өз сөзін түйіндеді жобаның авторы әрі ұйымдастырушысы. 

Дәл қазір 50 қатысушы 8 командаға бөлініп жарысқа түсуде. Сайыс Брейн-ринг форматында өтуде. Логикалық сұрақтарға ұтқыр жауап беріп оза шыққан командалар финалға шығады..

Айта кетейік, чемпионаттың жүлдеқоры 300 мың теңгені құрайды. 

Қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласының Мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының басшылары және қоғам қайраткерлері де қатысуда.

Фото: автордан
Загрузка...