Елордада өтетін әлем чемпионатына арнайы автобус жүреді

14 Қыркүйек 2019, 04:48
1876
Бөлісу:
Елордада өтетін әлем чемпионатына арнайы автобус жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.   Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем чемпионатының өткізілуіне байланысты 4 Sport Shuttle Bus бағдары ұйымдастырылады, деп хабарлады Астана LRT.

«14-16 қыркүйек, сонымен қатар 20-22 қыркүйек күндері күрес түрлерінен әлем чемпионатының өткізілуіне байланысты 4 Sport Shuttle Bus (## 805-808) бағдар ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.

Бағдарлардың жүру кестелерімен «AstraBus» және 2ГИС мобильді қосымшаларында танысуға болады.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік туралы ақпаратты компанияның сайтынан таба аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы