Бас жаңалықтар
Елордада «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» әдістемелік семинары өтеді
22 Маусым 2021, 21:38 272

Елордада «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» әдістемелік семинары өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҒМ Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді.

Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Семинардың мақсаты – терминтанушы ғалымдар мен ІТ саласы мамандарының семинардағы пікірлерін ескере отырып, терминологиялық база қалыптастырудың халықаралық озық тәжірибелері мен инновациялық технологияларды зерделеу арқылы терминологиялық базаны жетілдірудің алгоритмін әзірлеу.

Семинарда белгілі терминолог ғалымдар – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы Сәбира Исақова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Сәрсенбай Құлманов және осы мәселемен маманданып жүрген жас ғалымдар баяндама жасайды.

Іс-шараға лингвист ғалымдар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...