Елордада теракт жасамақ болған ДАИШ өкілі ұсталды

26 Наурыз 2020, 17:30
1990
Бөлісу:
Елордада теракт жасамақ болған ДАИШ өкілі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады.

Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деген күдікке ілінде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

IMG-20200325-WA0012.jpg

Ол адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзгелердің жаңалығы