Елордада тәулігіне 180 000 дана маска шығаруға қауқарлы өндіріс орны бар

11 Шілде 2020, 10:57
2310
Бөлісу:
Елордада тәулігіне 180 000 дана маска шығаруға қауқарлы өндіріс орны бар
PHOTO VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы "BIONIC-PRO" өндіріс орнының ашылғанына небәрі екі ай. Алайда, өнеркәсіп тәулігіне 180 000 дана маска шығаруға қауқарлы.

Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы жағдайында дәрі-дәрмекпен қатар медициналық қорғаныш киімдері мен заттары да сұранысқа ие. Олардың ішіндегі негізгісі – маска. Елімізде барлық өндірілген медициналық маскалардың тәулік сайынғы көлемі 681 мыңды құрайды (2020 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша). Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 506 мың, тігін кәсіпорындары 174 мың маска өндірсе, қоймаларда – 3 352 мың дана маска бар. Тиісті ақпарат медициналық маска өндірісін жүзеге асыратын "СҚ-Фармация" ЖШС-не беріледі. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді еліміздің әр өңіріне бөледі.

Масканың қалай жасалып, қандай стандарттарға сай шығарылатынын көзбен көру үшін біз елордалық өндіріс орындарының біріне барып, маска өндірісінің тынысымен танысып қайттық.

TEMA6653.jpg

Нұр-Сұлтан қаласындағы "BIONIC-PRO" өндіріс орнының ашылғанына небәрі екі ай. Алайда, өнеркәсіп тәулігіне 180 000 дана маска шығаруға қауқарлы. Қазір сұраныстың болуына орай әрі жылдамдықты азайтқан соң тәулігіне 75 000-100 000-ға дейін өнім шығарып жүр.

TEMA6654.jpg

TEMA6660.jpg

TEMA6659.jpg

Маскаларды ресми түрде сата бастағанымызға 7 күн болды. Алғашқы тапсырысты елордалық дәріханаларға жеткізіп те қойдық. Маска жасайтын құрылғыларды Қытай Халық Республикасынан алдырттық, жүз пайыз автоматтандырылған. Тек масканың резеңкесін жеке, мұрын үстінде тұратын фиксаторды жеке, негізгі матасын жеке береміз, компьютерге үш матаны біріктіріп бүктеп, үтіктеп, жиектеріне матрицалық тігіс салу сияқты тиісті команда жіберілгеннен кейін станок өзі жұмыс істей береді. Тек станоктың екі жағында екі оператор бақылап тұруы қажет, - дейді өндіріс басшысы Арон Қадыров.

TEMA6667.jpg

Арон Қадыровтың айтуынша, бұл медициналық өнім, сондықтан ол белгілі бір стандартқа сай болуы керек.

Отандық өндіруші болғандықтан, СТ-KZ сертификациясынан өттік. Сарапшылар, атқарушы органдар жиі келіп, тексеріс жүргізіп тұрады. Жалпы, өндірістік жоспар бойынша 48 қызметкер үш ауысыммен жұмыс істейді, - деді ол.

TEMA6688.jpg

TEMA6695.jpg

Маскалар СМС (спанбонд-мельтблаун-спанбонд) негізінде жасалған жаңадан шыққан материалдардан өндіріледі. Оның бір қабаты үш қабаттың құрамын береді. Сонда бір маска үш қабатты болса, ол тоғыз қабаттық болып саналады.

Өндіріс басшысы шикізат келгенде оның технология бойынша қалай тексеріліп алынатынын іс жүзінде көрсетті.

TEMA6697.jpg

TEMA6702.jpg

Ең алдымен, материалға су құйып көреміз. Маска ауа өткізгенімен, су өтпейді, демек, сапасы да жоғары деген сөз. Бірақ, ереже бойынша материалға (маскаға) су тимеуі керек, ылғалды жерде сақталмауы қажет. Негізгі жарамдылық мерзімі – 3-5 жыл. Екінші тексеру жолы – қиып тексеру, үшінші материалды отқа жағып көру. Материалға от тигенде ол жанбай, еріп кетуі керек. Өнім дайын болған соң зертханаға өткіземіз. Онда токсикология, гигиена анализі және терінің тітіркенуіне қатысты зерттеу жүргізіледі. Тексеру нәтижесінің көрсеткіштеріне байланысты қолдану қауіпсіздігі сертификаты беріледі, - деді ол.

TEMA6706.jpg

TEMA6711.jpg

TEMA6715.jpg

Маска жасауға арналған шикізат Қытай, Түркия және Ресейден әкелінеді.

Болашақтағы жоспарымен бөліскен өндіріс директоры:

Алдағы күндері 5 қатар станок қойып, маска өндірісін тәулігіне 500 000-ға арттыруды көздеп отырмыз. Осылайша, Нұр-Сұлтанды ғана емес, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарын да қамтымақ ойымыз бар, - дейді.

Айта кету керек, қазір тек бірреттік маскалар шығарумен айналысып жатқан өндіріс келешекте көпреттік маска шығаруды да жоспарлап отыр.

TEMA6726.jpg

Арон Қадыров маска тағу арқылы әр адам өзін вирустан 40%-ға сақтай алады деген сенімде. Сондықтан да ол жақындары мен әріптестерінің адам көп шоғырланған ортада үнемі маска тағып жүруін қадағалап отырады.

TEMA6734.jpg



Өзгелердің жаңалығы