Елордада түнгі клуб басшысы қамауға алынды

27 Қыркүйек 2020, 13:10
1693
Бөлісу:
Елордада түнгі клуб басшысы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантиндік шектеулерді бұзған түнгі клуб басшысы қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, түнгі клуб иесі карантиндік шектеуді бірнеше мәрте бұзған. 

Бүгін түнгі сағат 01.35-те полиция қызметкерлері әкімшілік учаскені тексеру барысында мұнда карантин шараларының бұзылу фактісін анықтады. Түнгі клубта сол кезде 30 адам болған. Тәртіпке бағынбаған нысанның иесі қамауға алынды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы