Қазір елордадағы стационарда 318 адам жатыр – Көлгінов

17 Наурыз 2020, 18:28
1433
Бөлісу:
Қазір елордадағы стационарда 318 адам жатыр – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр. 

Коронавирус инфекциясының жылдам таралуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілді. Осыған байланысты қала әкімі мәлімдеме жасап, халыққа түсіндірді.

Бүгінгі таңда қалаға коронавируспен ауырған адамның саны 17 адамға жетті. Сол себепті біз қауіпсіздік шараларды күшейттік. Бұл азаматтармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы табылды. Олар арнайы орындарға жатқызылды. Сонымен қатар лаборатория зерттеулер жүргізілуде. 28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр. Диагностика жасап, емдеу үшін 1051 орынға арналған арнайы медициналық орын дайындалды. Қажет болған жағдайда қосымша осынша орын дайындаймыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемкомиссия биылғы 19 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізетін болды.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та алматылықтарға карантин жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Оның айтуынша, қала кіреберісіне 27 блок бекет қойылады.

Өзгелердің жаңалығы