Елорданың сол жағалауында орталық көшенің бірін су басты
VIDEO
19 Қараша 2021, 11:48 274

Елорданың сол жағалауында орталық көшенің бірін су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сол жағалауда кәріздің жарылуынан жолдарды су басып қалды. 

Жолды су басқандықтан таңертеңнен бастап Түркістан, Сығанақ, Достық көшесінде полицейлер тұр. 


Куәгерлердің айтуынша, Түркістан көшесінің ауданында таңғы сағат 8 шамасында көлік кептелісі болған. Таңертеңгі сағат 9-да жол бөлігінде көктайғақ пайда болды, су басқан учаскеге құм себіліп, қалпына келтіру жұмыстары істеліп жатыр. 

Бұл көшелерде Қорғаныс министрлігінің ғимараты, Ritz-Carlton қонақ үйі, ірі бизнес орталықтары мен тұрғын үйлер орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада ауа райының төмендеуіне байланысты І ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін қашықтан оқып жатыр.  

     


Фото: дереккөз
Загрузка...