Елордада SMS арқылы жол жүру төлемі неліктен өшірілетіні айтылды

27 Сәуір 2021, 11:44
1249
Бөлісу:
Елордада SMS арқылы жол жүру төлемі неліктен өшірілетіні айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысы Ботагөз Қасабек елордалық автобустарда SMS арқылы жол жүру төлемі не себепті өшірілетінін түсіндіріп берді.

Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторларынан SMS арқылы жол ақысын төлеуді сақтауға қатысты ұжымдық өтініштер келіп түсті. Елорданың қоғамдық көлігін пайдаланушылардың шамамен 20 пайызында ұялы телефондарда интернетке шығу мүмкіндігі жоқ және QR-код арқылы төлеу мүмкін емес. Дегенмен тәжірибе бойынша интернетке шығу мүмкіндігі жоқ ұялы телефондардың пайдаланушылары көп жағдайда қарт адамдар немесе төменгі сынып оқушылары, - дейді ол.

Елорда және қызмет көрсетілетін қала маңы аймақтарының оқу орындарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары үшін тегін жол жүру енгізілген. Осы фактілерді ескере отырып, SMS арқылы төлемді пайдаланатын елорданың қоғамдық көлігін пайдаланушыларының басым бөлігінде смартфондары бар адамдар екенін атап өтуге болады. 

Сондай-ақ төлемнің осы түрі жойылған жағдайда басқа 12 мобильді қосымша арқылы жол ақысын төлей алады. Қазіргі уақытта төлем жүргізудің әр түрлі жолы бар. Олар Trans card, Kaspi, Homebank, Менің билайыным, активым, SMS Bus, Жолаушы, Senim, Rakhmet, +24, Касса 24, Astra Bus және басқа. Бұдан басқа, қосымша көлік карталарымен жол жүру ақысын төлеу мүмкіндігі бар, - деп түсіндірді Ботагөз Қасабек.

Оның сөзінше, осы мәселе бойынша ұялы байланыс операторларының ұстанымы – жол жүру төлемін SMS арқылы төлеу өшірілген кезде төлемнің осы түрін пайдаланатын абоненттердің көпшілігі халық арасында танымал QR төлем мобильді қосымшаларына, бірінші кезекте банктік қосымшаларға көшетіні негіз. Алайда нарықтық жағдайларда тұтынушы өзі үшін нарықта қолжетімді, ең ыңғайлы қызметті таңдауға құқылы.

Кез келген жағдайда SMS және QR кодты сканерлеу арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз ақы төлеу төлеудің баламалы тәсілдері. Қоғамдық көлікте ақы төлеудің негізгі тәсілдері – көлік картасымен төлеу. QR код арқылы төлеген кезде көлік картасымен қатар жүргізушінің жол жүру төлемін бақылауға мүмкіндігі де бар. Өйткені валидаторлар мен QR код жапсырмалары жүргізушіге тікелей жақын орналасқан, - дейді басқарма басшысы.

Еске сала кетейік, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктерде SMS-хабарлама арқылы төлеу қызметі өшіріледі. SMS жолдау арқылы қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу сервисі 2018 жылы енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы