Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

17 Мамыр 2021, 18:07
2061
Бөлісу:
Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының өтініші мен қоғамдық кеңістіктердің (скверлер, саябақтар, бульварлар) қажет екенін ескере отырып, биыл осындай жайлы орындардың қатарын көбейту үшін ауқымды жұмыстар жүргізіп келеміз. Бұлжайлы Елорда әкімі Алтай Көлгінов жазды.

Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

Мәселен, Б.Момышұлы даңғылы бойымен жағалауға дейін жаяу жүргіншілер желекжолын абаттандырамыз. Толқын тәрізді аллея аумағында үстел теннисі мен шахматқа арналған үстелдер, демалуға және әткеншек тебуге арналған көлеңкелі аймақтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл Триатлон паркін жаңа бөртегүл бағымен біріктіре отырып, эко-маршрут құруға мүмкіндік береді. Онда мыңнан астам бөртегүл көшетін отырғызамыз. Бөртегүл бақшасы болады - деді әкім.

Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

Ол былтыр Триатлон саябағын ауқымды абаттандыруды бастағандарын айтты.

Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

Өткен жылы қалада алғаш рет көпір алаңдары абаттандырылды. Сарайшық көшесіндегі көпірдің астында спортпен айналысуға арналған бірнеше аймақ ашылды, саябақ аумағында футбол алаңдары орнатылды. Бұл көпір - Триатлон мен Президент саябағы арасындағы көпір, ол биыл өз жалғасын табады. Мысалы, Тұңғыш Президент саябағында көлеңкелі бастырмалар, әткеншектер, үш субұрқақ, оның ішінде тұманды булану, орындықтар және т. б. орнатылды. Алдағы уақытта өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл көпір екі саябақты – Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша қала тұрғындары аудандар арасында кедергісіз жүре алады. Көпірдің бойында демалыс аймақтарын жабдықтаймыз, ал көпірдің ішіне әткеншек орнатамыз - деді Алтай Көлгінов.

Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар, бақтар) абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударамыз, өйткені бұл - қала дамуының ажырамас бөлігі.

Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

Биылғы көгалдандыру жұмыстарының ерекшелігі аулалық аумақтардан, саябақтардан, скверлерден, бульварлардан, елді мекендерден басқа, көрікті жерлеріміздің іргелес аумақтарын көгалдандыруға кіріскенімізде. Бұл "бетон орындар" санын азайтады. Мысалы, "Астана Опера" аумағында емен бағы, Триатлон саябағында бөртегүл бағы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен "Астана Балет" аумағында жасыл бақ пайда болмақ. Қазір барлық жерде ағаш отырғызылуда. Өзім де қаланы көгалдандыруға қатысамын. Қаланың барлық аудандарын, соның ішінде елді мекендерді көгалдандырамыз. Ағаш отырғызуға қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпкерлер де қатысатыны бізді қатты қуантады. Осы жылы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде қаланың жасыл түске айналғанын, жаңа экоаймақтар мен "жасыл аралдар" пайда болғанын көруге болады - деді ол.

Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

Ол жылдан-жылға сапалы ағаш отырғызып, көрсеткішті төмендетпесек, елордамыз санаулы жылдар ішінде жасыл қалаға айналатынын айтты.

Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

Бір кездері тек даладан тұрған қала бақша қаласы болады. Бұл біздің мақсатымыз және оған бірге жетеміз. Елорданы "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытудамыз. Осы жылы жалпы алғанда 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз - деді шаһар басшысы.

Елордада скверлер, саябақтар, бульварлар көбейеді

Өзгелердің жаңалығы