Бас жаңалықтар
Елордада әскерилер дезинфекциялау жұмысын қайта бастады
04 Маусым 2020, 22:14 170

Елордада әскерилер дезинфекциялау жұмысын қайта бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскерилері Нұр-Сұлтан қаласындағы дезинфекция жұмыстарының екінші кезеңін бастады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Вирустың таралу қаупі әлі де сейіле қоймаған жағдайда карантин шаралары мен санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз ету маңызды екені белгілі.

Әскери қызметшілер алғашқы тәулікте адамдар көп жиналатын орындар мен қала нысандарын өңдейді. Сонымен қатар, олар Тұңғыш Президент саябағы мен ботаникалық баққа вирусқа қарсы сұйықтық ерітінді шашады.

Санитарлық өңдеу жұмыстары үшін жеке газдан қорғау жиынтығы, дезинфекция ерітіндісі беріліп, АРС-14 автоқұю стансасы және жеке құрамды тасымалдауға арналған автокөлік жұмылдырылды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға карантин шектеуін сақтауға шақырған болатын. Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде шұғыл түрде 16 санитарлық өңдеу тобы құрылды. Олар бір аптадан бері аймақтарда қоғамдық орындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеп жатыр.

Төтенше жағдай режимі кезінде 29 қалада Қарулы күштердің әскери қызметшілері жалпы ауданы 50 млн шаршы шақырымнан асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандыа, ұзындығы 4 мың шақырым болатын жолда дезинфекциялады.

Фото: дереккөз
Загрузка...