Елордада әскери қызметшілерге арналған жекпе-жек залы ашылды

13 Тамыз 2019, 23:29
1711
Бөлісу:
Елордада әскери қызметшілерге арналған жекпе-жек залы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас қаласында әскерлердің жауынгерлік даярлық материалдық оқу-жаттығу базасын жетілдіру аясында заманауи жекпе-жек спорт залы ашылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жаңа объект қазақстандық армияның қолданбалы әскери спорт түрін әрі қарай дамытуға қарқын берері анық. Жекпе-жек залында тұрақты түрде арнайы бөлімшелердің әскерлері, сондай-ақ Ақмола гарнизонының жеке құрамы спорттық жарыстарға даярлық кезінде жаттығулар жүргізетін болады»,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, аталған зал көптеген жекпе-жек түрлері бойынша жаттығу мен жарыстарды ұйымдастыру үшін (ринг, татами, гимнастикалық жарақтар, күштік тренажерлер) боксқа, күреске, қоян-қолтық күреске, армиялық қоян-қолтық күреске қажетті мүліктермен жабдықталған. Көрермендерге арналған панорамалық қарау алаңы қарастырылған.

Осындай спорт объектілерін салу әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене даярлығын арттыруға, сонымен қатар әскери спортты жан-жақты қолдау мене дамытуға кезекті жасалған қадам болмақ.

Өзгелердің жаңалығы