Бас жаңалықтар
Елордада "Әскерге бару - парызым" шарасы өтті
26 Наурыз 2019, 22:20 261

Елордада "Әскерге бару - парызым" шарасы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» концерт залында «Әскерге бару – азаматтық парызым!» көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға арналған дәстүрлі науқан өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Науқанға қорғаныс істері департаменті мен қалалық әкімдік мұрындық болды. 1000 астам әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер және олардың ата-аналары шараға қатысып, өздері үшін ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаның куәгері болды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Астана» концерт залының кіреберісінде астаналық әскерге шақыртылған жастар үшін әскери оркестр өнерін көрсетті, әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлері ұсынылған шағын көрме ұйымдастырылды.

Әскерге шақыртылған жастар алдында ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының орынбасары, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері және ҰОС ардагерлері жылы лебіздерін білдірді.

Сөз сөйлеушілер бүгінгі күні біздің әскеріміз күннен күнге дамып келе жатқанын, сонымен қатар, азаматтардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығының артқанын атап өтті.  Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат Бекмәді жастарға Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі, Отан қорғау шебінде жан кешкен әкелері, аталарының батырлығы туралы өсиетін айтты. Әскер түрлері мен тектерінің өкілдері жас жауынгерлерге әскери қызмет атқару кезіндегі қажетті амалдар мен әскери қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ұланы мен Шекара қызметінің өкілдері қонақтар үшін өз қызметтерін танытатын бейнебаяндар ұсынып, мерекелік бағдарламаны тарту етті.

Сізден жаңалық