Бас жаңалықтар
Елордада шомылу кезінде суға батып кету оқиғалары көбейген
31 Шілде 2021, 21:44 309

Елордада шомылу кезінде суға батып кету оқиғалары көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын жазғы кезеңнің басталуымен елорданың су нысандарының жағалауында демалушылар саны артып келеді. Осыған байланысты, статистика бойынша, ыстық күндері қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануының өсуі байқалады деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Мәселен, шомылу маусымы кезеңінде елорданың су айдындарында адамдардың қаза болуының 8 жағдайы тіркелген, оның ішінде 4 жасөспірім (12-17 жас), 2020 жылдың ұқсас кезеңінде суда адамдардың қаза болуының 4 жағдайы тіркелген. Мысалы,  30 шілдеде қайғылы оқиға болды, онда елордалық құтқарушылар 2009 жылы туған баланың денесін судан алып шықты, ол шомылуға арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаланың акваторияларында адамдардың қаза болуын азайту мақсатында  алдын алу және тәжірибелік іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Стихиялы жағажайларда күн сайын жедел-құтқару жасағының  халықтың қауіпсіздігін бақылайтын жүзбелі бекеттері қойылып,  күн сайын акваторияның аса қауіпті учаскелерінде патрульдеу жүргізіледі, оның кезеңінде халықпен әңгімелеу жұмыстары жүргізіледі және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдері таратылады. Сонымен қатар полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Рейдтік іс-шараларға тартылған тағы бір буын - Жұмыспен қамту орталығынан 85 ерікті және 25 қоғамдық қызметкер. Суға шомылу маусымы басталысымен 7 мыңға жуық жадынама мен кітапша таратылды.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД  азаматтарға су айдындарында болған кезде :

- суға  алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ, суға секіруге арналмаған құрылыстардан  секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде жүзуге;

- жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге тыйым салынатыны туралы кезекті рет ескертеді!


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...