Елордада «Шаттық-2022» байқауының гала- концерті өтті

1 Мамыр 2022, 17:46
1989
Бөлісу:
Елордада «Шаттық-2022» байқауының гала- концерті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың төрінде «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік залында балалар жылына орай балалар мен жасөспірімдерге арналған ең ауқымды жоба XV «Шаттық-2022» байқауының гала- концерті өтті. 

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

15 жылдық тарихы бар «Шаттық» байқауында қатысушылар 9 номинация бойынша бақ сынап, нәтижесінде 47 үміткер алтын медаль иеленді.

Кез келген жеңістің артында ұстаздардың зор еңбегі тұрғаны сөзсіз. Осыны ескерген Білім басқармасы шаттықтық балаларды шыңдап, додаға қосқан ұстаздарды да ұмыт қалдырмай марапаттады.

Фестивальде оқушылар мен студенттер патрү, отбасы, махаббат, достық, ғаламшар, эрудит, ойшыл, жасампаз, бейбітшілік тақырыбы аясында жалпыадамзаттық құндылықтарды сахналады.

Мәселен, халықтық би өнерін жаңаша бейнелеп, эксклюзив шығармашылық композияцияларды көрермен назарына ұсынды. Оларға балет пен театр әртістері қолдау көрсетіп, бір сахнада өнер көрсетті.

«Балалар – шаттық ордасы» ұранымен өткен байқауға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар, сондай-ақ көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Балалар өнерлі, талантты екендіктерін тағы бір дәлелдеген, қайталанбас кеш болды.

Өзгелердің жаңалығы