Елордада сенбілік өтті

19 Қыркүйек 2020, 10:58
2045
Бөлісу:
Елордада сенбілік өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Дүниежүзілік «World Clean up day 2020» тазалық күніне қатысты. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «StopMusor» жобасы және  #Бізтазаелүшін #Birge #TazaQazaqstan экологиялық қозғалыс шеңберінде осы акцияға қатысып отыр.

Акция бойынша «Кен Март» СҮ ауданындағы Нұрсұлтан-Қарағанды тас жолы бойында, интернациональный ауданы «Құлагер» демалыс орны, Есіл өзені бойы, Есіл өзенінің бойында контрреттеушіден гольф клубына дейін.

WhatsApp Image 2020-09-19 at 10.48.13.jpeg

Есіл ауданы бойынша айналма жолда орналасқан «Қарасу» өзені маңы тазаланды.

Сарыарқа ауданы бойынша: «Қарттар үйінің» аумағы, Сарыарқа, Бейсенова көпірлері тазаланды.

WhatsApp Image 2020-09-19 at 10.48.13 (1).jpeg

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы, Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары  әкімдігінің өкілдері мен қауымдастық басқармасының төрағасы Айгүл Соловьева және «Еріктілерге арналған экологиялық мектептің» онлайн-курстарында дәріс алушылар іс-шараға қатысты.

WhatsApp Image 2020-09-19 at 10.48.14.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында мектептер мен жоғары оқу орындарында жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне тиісті назар аударылуы қажет екенін атап өтті. Қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға арналған «BirgeТazaQazaqstan» экологиялық акциясы жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

WhatsApp Image 2020-09-19 at 10.48.15.jpeg

Акция қоршаған ортаға арналған уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуге ғана емес, пікірлес адамдармен танысуға, азаматтардың экологиялық санасының қалыптасуы мен дамуына да мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2020-09-19 at 10.48.16.jpeg

Ғаламдық шараға жыл сайын әлемдегі 157 мемлекет, 18 миллион табиғаттың жанашырлары мен еріктілер планетамызды қоқыстан тазартуға қатысады. Ал біздің ел бұл шараға қатарынан үшінші жыл қатысуда.

WhatsApp Image 2020-09-19 at 10.48.16 (1).jpeg

StopMusor  жобасы халықтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды  кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы