Бас жаңалықтар
Елордада сенбі және жексенбі күндері автобустар жүрмейді
30 Шілде 2021, 13:10 319

Елордада сенбі және жексенбі күндері автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі және жексенбі, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тоқтатылады.

Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.


Фото: дереккөз
Загрузка...