Елордада сайлау күні мерекелік іс-шаралар өтеді

7 Маусым 2019, 22:15
1976
Бөлісу:
Елордада сайлау күні мерекелік іс-шаралар өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлау күні Нұр-Сұлтанда қала тұрғындары үшін түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді, нақтырақ айтқанда концерттер, танымал актерлердің қатысуымен бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

«Астана» концерт залының алдындағы алаңда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Нұр-Сұлтан мемлекеттік академиялық филармониясы солистерінің концерті өтеді. 

«Жастар» театры ғимаратының алдында сағат 11.00-де танымал актерлердің қатысуымен қызықты мәдени бағдарлама өтеді. 

Сайлау учаскелерінде «Жұлдыздармен селфи» акциясы өтеді. Сайлаушылар «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің қатысушылармен және танымал спортшылармен суретке түсе алады. Акцияға боксер Данияр Елеусинов және актер Тұрсынбек Қабатов қатысады. Сондай-ақ Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Алтынай Жорабаева секілді эстрада жұлдыздарының қолтаңбаларын алуға болады. 

Сағат 10:00-де Ботаникалық бақ, қалалық, «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында «Fitness Park Nur-Sultan» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар өтеді. Олардың арасында CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу спорты және танымал Zumba биі бар. 

8 және 9 маусымда «Қазақстан» спорт кешенінің жанында, Сауран көшесіндегі 7А және 5 үйлер арасындағы алаңда, сондай-ақ Қосшығұлұлы көшесі, 14 және 189, 5 мекенжайлары бойынша ауыл шаруашылығының жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге елорданың, Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысы Целиноград ауданының, Қостанай облысы Арқалық қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы