Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге құжат қабалдау басталды

25 Қыркүйек 2020, 18:52
2821
Бөлісу:
Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге құжат қабалдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылдауды бастайды. 

Бұл бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған барлық санаттар және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері болып табылатын азаматтар, сондай-ақ полиция және төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері қатыса алады.

Өтінімді тұрғын үйге кезекте тұрған барлық санаттар және жұмыс орны бойынша талаптарға сәйкес келетіндер бере алады (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және т.б.).

Пәтер саны: 244

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;

1 ш. метрге жалға алу құны – 1455 теңге;

Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін;

Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді;
Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі;

Орналасқан жері: «Жаңа қоныс» ТК - Тілендиев даңғ., Сары Бұлақ ағысының бойында, «Тамаша» ТК- С. Торайғыров к-сі;

Қабылдау күні: 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00.00 бастап 2020 жылғы 7 қазан сағат 00.00 дейін.

Өтінімдерді қабылдау электронды түрде жүргізіледі, 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап zhilfond.kz сайтында «Онлайн сервистер» бөлімінде «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру (ҚИК)» терезесі пайда болады. Өтінім беру үшін Сізде ЭЦҚ кілті және жұмыс орнынан анықтама болуы қажет (басқа құжаттар талап етілмейді).

Сіз өзіңіздің отбасыңыздың құрамына қарамастан, кез-келген (1,2,3 бөлмелі) пәтерге үміткер бола аласыз.
Дегенмен, Сіз таңдаған пәтер түрін алуға мақұлдау Сіздің төлем қабілеттілігіңізге тікелей байланысты.

Мысал:
Егер Сіз таңдасаңыз:
1 бөлмелі пәтер:
Жалпы ауданы - 37 ш.м.,
Шаршы үшін төлем - 1455 тг.,
Жалпы төлем - 53 835 тг.,
Отбасына шамамен алынған табыс - 110 000 тг. (өзге міндеттемелерді есепке алмағанда).

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі.
Өзгелердің жаңалығы