Елордада санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды

2 Маусым 2020, 09:16
1263
Бөлісу:
Елордада санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымда санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл дәмханалар мен мейрамханалар, сұлулық салондары, стоматология, гүл сататын дүкендер. 

Мысалы, Coffee Day кофеханасы, Orda Dent стоматологиясы, Ziba және т. б. сұлулық салондарын атап өтуге болады. Әкімдіктің мобильді тобымен бірге полицейлер мен эпидемиологтар да санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау үшін рейдтер жүргізеді. 

1 маусымда мониторинг бойынша 200-ден астам нысан тексерілді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптары орындалмай, нысандар қайта ашылмайды. 

Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 50 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары да бар. 150 кәсіпорынға ескерту жасалып, кей кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Астанада маска тағу режимі сақталуда. 

Адамдар көп жиналатын жерлерде, автобустарда, дүкендерде және басқа да жабық ғимаратта бетперде кию, қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану қажет. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда, қала бұрынғы қатаң карантин режиміне қайта ауысады.


Өзгелердің жаңалығы