Нұр-Сұлтанда салынатын үйлерге дизайн-код беріледі

24 Қазан 2019, 12:01
1966
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда салынатын үйлерге дизайн-код беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келесі жылдың  бірінші тоқсанына дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік стилін қалыптастырудың үшінші кезеңі аяқталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновтің сөзінше, бүгінде дизайн-код бойынша жұмыс басталды. Осы жылдың төртінші тоқсаны және келесі жылдың бірінші тоқсанында бірыңғай сәулеттік стильді қалыптастырудың үшінші кезеңі аяқталады.
"Шынымен де, дизайн-код қалалық дамуды қалытастырудың негізінің бірі. Бұл қала көшелері, орамдар, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай стилі. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтанның өзіндік стилі бар, ол шығыс пен батыс мәдениетінің үйлесімі. Елордада Норман Фостер және т.б. әлемге әйгілі сәулетшілер жұмыс істеді. Осы жұмысты жалғастыру керек", - деді Нұрлан Нүркенов.
Оның айтуынша, қала сәулетшілері мен әкімшілерінің қаланың тұтас және жекелеген ғимараттары қандай стильде дамитыны туралы ортақ түсінігі болады. Әкімдік кәсіп ашатын кәсіпкерлер мен тұрғын үйлерді салатын құрылыс компанияларына дайын дизайн-код ұсынатын болады.
Өзгелердің жаңалығы