Елордада Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойы аталып өтеді

21 Мамыр 2019, 20:45
3417
Бөлісу:
Елордада Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойы аталып өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 мамырда елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Сәкен тағылымы және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтеді. 

Іс-шараны ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және Сәкен Сейфуллин музейі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті əрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жəне мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу жəне болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп атап өткен болатын.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, Елорда жоғары оқу орындарының ғалымдары, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері және Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы