Елордада рұқсат етілген кафелер мен мейрамханалар жұмысын кеңейтеді

24 Мамыр 2020, 12:25
1131
Бөлісу:
Елордада рұқсат етілген кафелер мен мейрамханалар жұмысын кеңейтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 мамырдан бастап елордада кафе мен мейрамханалар 50 адамға дейін қабылдай алады. Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қабылдаған соңғы қаулыда осылай жазылған.

Жобамен 50 адам отыратын орыны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі. Бір мезгілде келушілер отыратын орын санына сәйкес, көрші үстелдердің шеткі орындары арасындағы 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отыруы тиіс,- делінген қаулыда.
Ал ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады

Сонымен қатар, қаулыда COVID-19 сырқаттанушылығының толық төмендеуіне дейін түнгі клубтардың, фитнес-клубтар мен залдардың, тренажер залдарының (орталықтарының), СПА-салондардың, массаж кабинеттерінің, косметологиялық кабинеттердің, клиникалар мен орталықтардың, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (дамыту орталықтары, білім беру орталықтары, үйірмелер және т. б.), компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және т. б.) қызметіне тыйым салынған.

Тек Ұлттық Олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базалары мен ұлттық құрама командаларды олимпиадалық және параолимпиялық ойындарға даярлау үшін пайдалану кезеңінде рұқсат етіледі.
Өзгелердің жаңалығы