Бас жаңалықтар
Елордада құрылыс қаңтар-наурызда 1,9% өсті
16 Сәуiр 2019, 09:35 387

Елордада құрылыс қаңтар-наурызда 1,9% өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде құрылыс бойынша артта қалған өңірлер саны сегізден төртке қысқарды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. 

"Құрылыс бойынша артта қалған өңірлер саны сегізден төртке қысқарды. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Шымкент қаласы және Маңғыстау облысы артта қалып отыр", - деді Руслан Дәленов. 

Өткен жылғы құрылыс жұмыстары мен реконструкциялау көлемін есептегенде Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс биыл қаңтар-наурызда 1,9% өсті. 

"Шымкент қаласындағы инвестициялардың елеулі қысқаруы негізінен мұнай өңдеу зауытын жалғастырудың аяқталуына байланысты. Инвестиция тарту бойынша негізгі серпінді Қызылорда облысы 2, 3 есеге өсуімен көрсетуде", - дейді ол.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында азық-түлік бағасының өсуі байқалатынын айтты. 

"Бес өңір бірден бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпін көрсетті. Олар: Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары", - дейді министр

Оның сөзінше,осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша бірқатар көрсеткіште жақсару байқалып отыр. Екінші тоқсанда қол жеткізген қарқынды сақтап, оны жалғастыру маңызды. 

"Ол үшін мүмкіндіктер бар. Екінші тоқсанда дәстүрлі түрде шағын және орта бизнес жанданады", - дейді Ұлттық экономика министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық