Бас жаңалықтар
Елордада пневмония және ЖРВИ-мен ауырған науқастарға орталықтар ашылды
29 Наурыз 2020, 18:12 280

Елордада пневмония және ЖРВИ-мен ауырған науқастарға орталықтар ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тыныс алуы қиын адамдарға және жедел респираторлы вирустық инфекциялар диагнозы бар пациенттерге уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 2 орталық анықталды. Сонымен бірге бұл орталықтарда оларды коронавирусқа тексереді, деп жазды coronavirus2020.kz.

Біріншіден, орталық жол ауруханасының терапиялық корпусы пневмониясы бар пациенттерді ғана қабылдайды. Блокта оқшауланған қабылдау-диагностикалық бөлімше ұйымдастырылған. Пациенттерді коронавирусқа да тексеретін болады.

Екіншіден, №2 қалалық емхана базасында (Желтоқсан көшесі, 36) ЖРВИ белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды.

Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, үш көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктарында барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған, жүкті әйелдерді қабылдау үшін жеке кіретін есігі бар перзентханалар ұйымдастырылды. Осы шаралардың барлығы уақытылы медициналық көмек көрсетуге және инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...