Елордада Pfizer вакцинасын салдырғандардың басым көпшілігі – балалар
17 Қараша 2021, 14:13 77

Елордада Pfizer вакцинасын салдырғандардың басым көпшілігі – балалар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, екі күннен бері аталған екпемен вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында Pfizer вакцинасымен вакцинациялау жұмысын басталғалы екі күн болды. Жалпы қазіргі уақытта 930 адам аталған вакцинаның бірінші дозасын алып үлгерді. Олардың 643-і – 18 жасқа дейінгі балалар. Балаларда да, ересек адамдар да ешқандай асқыну жағдайлары байқалған жоқ. Біз әрбір вакцина салған адамдармен күніне 2-3 рет хабарласып, жағдайларын бақылауда ұстаймыз, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сондай-ақ америкалық вакцина қала емханаларында қолжетімді.

Вакцина қала бойынша барлық емханада қолжетімді, жеткілікті. Оқу жүйесіндегі мектептерде осындай егу пункттерінде жұмыс істеп тұр. Елордаға бұл екпенің 33 мың дозасы жеткізілді. Вакцинациялау енді ғана басталғандықтан салыну қарқынына қарай тағы да жеткізіледі деп күтілуде, - деді Тимур Мұратов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Pfizer-ді ақылы түрде қанша теңгеге салдыруға болатынына тоқталған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...