Бас жаңалықтар
Елордада өткен халықаралық марафонның жеңімпазы анықталды
26 Қыркүйек 2021, 14:42 3712

Елордада өткен халықаралық марафонның жеңімпазы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желаяқтар бәсекесінде 3 мыңға жуық адам бақ сынады. 42 шақырымдық жартылай марафонға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысты. Ал 10 шақырымға 16 жастан асқан жасөспірімдер жүгірді.

«Хабар24» телеарнасының мәліметінше, биыл Astana Marathonына екпе алған желаяқтар ғана қатысқан. Оған қоса қатысушыларды қабылдау «Ashyq» жүйесі арқылы жүзеге асырылыпты. 10 шақырымдық межені еңсерген қызылордалық спортшы, додаға бір ай дайындалған. Оның жеке рекорды 29 минут 56 секунд.

Жеңіл атлетикамен айналысып жүргенімен 10 жылдан асты. Қазіргі уақытым 31 минут 18 секунд. Алматыда янградер деген жарысқа қатыстым. Осы жарысқа Алматы қаласынан, мектебімнің атынан арнайы келген болатынмын. 2019 жылы Белорусияда қатысқан болатынмен,-дейді марафон жеңімпазы Рахымжан Келманов.
Қатысушылардың көңіл –күйі көтеріңкі. Себебі былтыр іс-шара пандемияға байланысты өткізілмеді. 58 жастағы Қанат Оспанов үшін бұл 38-ші марафоны. Бүгін 10 шақырымды жүгіріп өтті.
Бүгін керемет сезімдемін. Дені саудың жаны сау. Марафон туралы естіген күннен дайындықты бастадым. Мен бір айда 4 рет жүгіріп, өз рекордымды орнатамын. Мысалы 10 күн бұрын бір күнде 160 шақырымды бағындырдым,-дейді марафонға қатысушы Қанат Оспанов.
Халықаралық марафонға қатысу құны 7 жарым мыңнан 10 мың теңгеге дейін болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2009 жылдан бері Astana Marathon ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдарға 37 млн теңгеден астам қаржы жинаған.

Astana Marathon негізін қалаушы және ұйымдастырушысы Гаухар Брамлей-Фентон бүгінгі марафон бұрынғыдан өзгерек екенін айтады.

Өйткені бұл жолғы бәсекеге World Athletics ұйымы қола мәртебе берді. Сәйкесінше Астана марафоны ТМД аумағында осындай дәрежеге ие алғашқы марафон болды,-дейді ол.

Биылғы Astana Marathonы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Спорттық шараға елордалық тұрғындармен қатар еліміздің әр қиырынан келген желаяқтар қатысты.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...