Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

8 Қыркүйек 2021, 13:23
6570
Бөлісу:
Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі Отбасы күні қарсаңында «Астана-Бәйтерек» монументінде жас жұбайларға неке қию куәлігін ресми табыстау рәсімі өтті. Игі шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық әкімдігі ұйымдастырған көрінеді.

Жаңа өмірге қол ұстасып қадам басқан алты жұпқа салтанатты түрде неке қию туралы куәлікті Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров табыстады.


Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік деңгейдегі отбасы саясатының тұтастай жүйесі қалыптасты. Бүгінде елімізде әрбір отбасының ырыс-берекелі әрі бақытты өмір сүруі үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Отбасыларды қолдау бағытында әлеуметтік төлем жүйелері, тұрғын үй бағдарламалары қарастырылған. Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына елеулі өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті, - деді Асқар Умаров.

Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

Отау тігіп отырған жас жұптар арасында мұғалімдер, кәсіпкерлер мен студенттер бар.

Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

Жарым Айжан екеумізді елорда табыстырды. Бас қалаға арман қуып келгенімізге 10 жылдан асты. Отбасы күні қарсаңында неке куәлігін осылай салтанатты түрде алатынымызды АХАЖ бөлімінде барған кезде ғана естідік. Қуанышымыз шексіз, - деп атап өтті шаңырақ көтеріп отырған жас отбасылардың бірі Асылбек Әлмағамбетов.
Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды


Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда 100 мыңнан астам отбасы шаңырақ көтеретін көрінеді. Ал олардың ішінде 10500-ден астам неке ел астанасы – Нұр-Сұлтанға тиесілі.

Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

Айта кететін жайт, 2013 жылдан бастап Елбасының бастамасымен қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні болып бекітілген. Биыл аталған мереке 12 қыркүйекке тұспа-тұс келіп отыр.

Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды

Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды


Өзгелердің жаңалығы