Елордада осы аптада қайда баруға болады

27 Мамыр 2019, 10:29
2212
Бөлісу:
Елордада осы аптада қайда баруға болады

Нұр-Сұлтан , BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің сайты 27 мамыр мен 2 маусым аралығында мәдениет және спорт мекемелеріндегі апталық іс-шаралар жоспарын жариялады.

«Астана» концерт залы: 
27 мамыр, 19:00 – ҚР халық әртісі және еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған концерт; 
31 мамыр, 19:00 – қазақ оркестрінің «Алжир аналарға тағзым» атты театрланған қойылымы; 
1 маусым, 17: 00 – классикалық және эстрадалық вокал солистері, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Әлем» эстрадалық би ансамблінің қатысуымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала тілегі» мерекелік концерті;
2 маусым, 19:00 – симфониялық оркестрдің «Disney және DreamWorks үздік музыкасы» концерті. 

«Жастар» сарайы: 
27 мамыр, 19: 00 – «Melodía de la pasión» концерті;
1 маусым,12:00 – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Барлық балалар ән салады!» атты кубогының караокеден чемпионатының 1-іріктеу туры; 
2 маусым, 12:00 – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Барлық балалар ән салады!» атты кубогының караокеден чемпионатының 1-іріктеу туры;

«Астана Опера» театры:
28 мамыр, 19: 00 – «Melodía de la pasión» концерті;

«Жастар» театры: 
28 мамыр, 19: 00 – «Құдалар» комедиясы, Е. Уахитов;

Бейбітшілік және келісім сарайы: 
31 мамыр, 18: 30 – «Жас қанат» республикалық телефестивалі; 
1-2 маусым, 17: 00 – «Жас қанат» республикалық телефестивалі.; 

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры: 
30 мамыр, 10: 00 – «Ырылдақ қүшік» ертегісі, Т. Теменов. 

«АЛЖИР» мемориалды-музей кешенінің аумағы: 
31 мамыр, 10: 00 – саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу мемориалына гүл қою рәсімі. 

«Хан-Шатыр» СОО жанындағы аумақ: 
30 мамыр – 2 маусым, 10:00-22:00 – «Nur-Sultan Ethno Fest» әлем халықтарының этномәдени фестивалі; 
31 мамыр – 2 маусым, 10:00 – «Алтын жебе» садақ атудау І Әлем чемпионаты. 

«1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументі: 
31 мамыр, 15: 00 – «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл қою рәсімі. 

«Қазақ елі» алаңы: 1 маусым, 10: 00 – балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі. 

«Ботаникалық бақ», «Астаналық», «Жерұйық», «Жетісу» парктері: 
2 маусым, 10:00 – «Fitness Park Nur-Sultan» бағдарламасы бойынша Нұр-сұлтан қаласының саябақтарында спорттық іс-шаралар; 

ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңы: 
2 маусым, 10: 00 – «Jastar Bike» жаппай веложарысы. 

Астаналық саябақ: 
1 маусым, 10:30 – гір тасын көтеруден Нұр-Сұлтан қалалық чемпионаты; 
2 маусым, 8:00 – «Run 24-1» жүгіру;

Есу арнасы: 
1-2 маусым, 11: 00 – туристік копсайыстан (су туризмі) Нұр-сұлтан қаласының ашық чемпионаты және ІІ кезеңі; 
Спорттық туризмнен Нұр-Сұлтан қаласының Кубогы. 

Мұстафа Кемал Ататүрік даңғылы: 
1-2 Маусым, 08: 00 – Нұр-сұлтан қалалық кубогының драг-рейсингтен кезеңі. 

Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион:
1 маусым, 9:00 – Балаларды қорғау Күніне арналған жеңіл атлетикадан Нұр-сұлтан қаласының чемпионаты; 
1 маусым, 11:00 – Балаларды қорғау күніне арналған мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Беговел» веломарафоны. 

«Астана Арена» стадионы: 
31 мамыр, 14:00 – «Астана М» – «Алтай» командалары арасында футболдан ҚР бірінші лигасысы; 
31 мамыр, 19:00 – «Астана» ФК – «Жетісу» ФК Премьер–лига клубтарының арасындағы футболдан ҚР чемпионатының матчы; 

«Алау мұз сарайы: 
1-2 маусым, 10:00 – қатерлі ісікті жеңген және организмін трансплантациялаған балалар арасындағы чемпиондардың алғашқы республикалық ойындары. 

«Алатау» спорт кешені: 
1 маусым, 10:00 – мүгедектер арасында парапауэрлифтингіден Нұр-Сұлтан қаласының чемпионаты; 
1-2 маусым, 11:00 – Ерлер мен әйелдер арасында пауэрлифтингіден Нұр- Сұлтан қаласының ашық чемпионаты. 

«Толқын» спорт кешені: 
28 мамыр – 1 маусым, 11:00 – Балаларды қорғау күніне арналған 2006-2007 жж. жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир.
Өзгелердің жаңалығы