Елордада "Comic Con" фестивалі өтеді

2 Мамыр 2019, 11:25
2035
Бөлісу:
Елордада "Comic Con" фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтанда комикстер өндірісі мен оларға негізделген танымал өнерге арналған әлемдегі ең ірі фестиваль басталады. Бұл туралы comicconastana.com хабарлады.

Disney, Marvel, Cartoon Network, Warner Bros.Entertainment, Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлемдік брендтер осы ауқымды іс-шараға қатысатынын растады.

31 мамырдан 2 маусымға дейін Қазақстанда және Орталық Азияда халықаралық Comic Con фестиваль-көрмесі өтеді.

Comic Con фестиваль форматы алғаш рет АҚШ-та жүзеге асырылып, қазіргі кезде комикс әуесқойларына, киномандарға, бейнеойындар, мультфильмдер мен сериалдар сүйетіндерге кеңінен танымал. Бүкіл әлем бойынша өтетін фестиваль дәстүрлі түрде комикстердің алып әлемі авторларының өз аудиториясымен кездесу орны болып табылады.

«Гик-әлемінің» маңызды оқиғаларының бірі Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр, ал Қазақстандағы ұйымдастырушылардың бірі - Astana Convention Bureau мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі. Comic Con фестивалі қазақстандықтар мен жақын және алыс шетелден келген қонақтарды қосқанда, 70 000-ға жуық қонақтарды қабылдамақ. Іс-шара қатысушылары осы жылы шыққан комикстер әлеміндегі басты премьераларды көру, суперқаһармандардың костюмдерін кию, сүйікті әртістерімен фото жасау мүмкіндіктеріне ие болады.

Ұйымдастырушылар фестивальге қатысуға танымал шетел авторларын, баспаларды, киностудияларды, компьютерлік және үстел ойындарын әзірлеушілерді, косплей жасаушыларды, танымал аниме және манга авторларын шақырды. Іс-шара қатысушылары комикстер әлеміндегі осы жылдың басты премьераларын көру, суперқаһармандардың костюмдерін кию, сүйікті әртістерімен фотоға түсу мүмкіндіктеріне ие болады.

"Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен шығармашылық адамдарын фестивальге қатысуға шақырамыз. Суретші-иллюстраторлар, сценаристер мен комикс авторлары, баспалары және косплейге қызығушылар өздерінің жұмыстарын фестиваль стендінде көрсете алады. Мультиәлем қаһарманы болу үшін шағын тапсырманы орындау қажет – портфолио мен біздің Әлемде қандай қаһарман болатындығыңыз жайлы хат жазып жіберу керек", - дейді бас менеджер Бексултан Абдрахманов.

Өзгелердің жаңалығы