Елордада оқушылардың «Жас Star-2019» көрмесі өтеді

6 Сәуір 2019, 11:04
2470
Бөлісу:
Елордада оқушылардың «Жас Star-2019» көрмесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көрменің мақсаты балалардың шығармашылыққа деген қабілетін арттыру. 

"Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы және Оқушылар сарайының «Бейнелеу өнері» және «АртДизайн» бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін шараға балалардың 300 ден астам бейнелеу және қолданбалы өнер туындылары қойылады. Көрменің мақсаты өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, оқушылардың бейнелі ойлауы мен нәзік эстетикалық талғамын дамыту. Балалардың шығармашылығы мен асқақ қиялынан шыққан туындылар  кімді болса да бей-жәй қалдырмайды деп ойлаймын", - дейді бейнелеу өнерінің бөлім жетекшісі Гүлнар Жақыпқызы.

Көрмеге бейнелеу, мүсін, дизайн, ағаш ою, декоративтік-қолданбалы өнер үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысып, бір жыл бойы үйренген өнерлерін көрермен назарына ұсынады. Ең үздік туындылар республикалық және халықаралық байқауларға жол тартады. 

Өзгелердің жаңалығы