Елордада «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» турнирі өтуде

14 Қазан 2020, 20:03
1338
Бөлісу:
Елордада «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» турнирі өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» дебат турнирінде біріншілікке таласады.

Дебат ойындарына Нұр-Сұлтанның 16 жоғары және 35 арнаулы орта оқу орынының студенттері қатысады. Пікірсайыс тақырыптары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан халқы Ассамблеясына, Абай Құнанбаевтың 125 жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Пікірсайыстың мақсаты - жастардың өзекті тақырыптарды талқылап, аналитикалық және сыни ойлай білуіне тарту. Сайыс ZOOM бейнеконференция сайтында онлайн өтеді, – деп хабарлады «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы.

24-25 қазан аралығында турнирдің келесі кезеңі өтеді. Оған осы кезең жеңімпаздары қатысады.


Өзгелердің жаңалығы