Елордада NEET санатындағы жастармен жұмыс жөнінде өткен тренингтер аяқталды

20 Маусым 2021, 19:35
1031
Бөлісу:
Елордада NEET санатындағы жастармен жұмыс жөнінде өткен тренингтер аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар саясаты саласындағы қызметкерлерге арналған NEET санатындағы жастармен жұмыс тұрғысында семинар-тренингтер өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Үш күнге созылған семинарға осы санаттағы жастармен тікелей жұмыс істейтін қаладағы түрлі ұйым өкілдері қатысты: «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы (оның құрамында NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімі құрылды), Жастар қолдау орталығы («Право» ҚҚ), Жұмыспен қамту, білім беру орталықтары, Nur Otan партиясының Jas Otan ЖҚ, Жастар саясаты мәселелері басқармасы, еріктілер және т.б.

Айта кетейік, NEET санатындағы жастар дегеніміз — жұмыс істемейтін (жұмыссыздар және жұмыс күшінен тыс адамдар), білім алумен немесе кәсіптік оқытумен айналыспайтындар, білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту саласынан тыс және жастардың еңбек нарығындағы әлеуетті көзі. 

Елордада NEET санатындағы жастармен жұмыс жөнінде өткен тренингтер аяқталды

Тренинг бағдарламасы аясында қатысушылар NEET жастар санаттары, топтары мен әдістемелері туралы білді. Қалалық, республикалық және халықаралық әлеуметтік зерттеулерге негізделген NEET жастарының портреті құрылды. Сәйкестендіру және тіркеу әдістемелері, сондай-ақ, NEET жастармен жұмыс істеудің халықаралық тәжірибесі қарастырылды. Сондай-ақ жастарға қызмет көрсетуді дамыту әдістері зерттелді.

Жалпы, семинар-тренинг бағдарламасы Жастар ғылыми-зерттеу орталығы жасаған NEET санатындағы жастармен жұмыс әдістемесін практикалық қызметке жақсырақ түсінуге және енгізуге ықпал етеді. 

Семинарлар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, сонымен қатар, «Ashyq» қосымшасын қолдану арқылы өткізілді.


Өзгелердің жаңалығы