Бас жаңалықтар
Елордада айына 5 млн маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды
PHOTO
31 Шілде 2020, 17:20 201

Елордада айына 5 млн маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтанда бір рет қолданылатын медициналық маскалар өндірісі ашылды. 

10 маусымда бізге құрал-жабдықтар келе бастады. Содан кейін оны әзірлеп, жұмысқа қызметкерлер қабылдауға кірістік. Ал 20 шілдеден бастап сынақ режимінде жұмысқа кірісіп, қызметкерлерді де қатар оқыту басталды. Кәсіпорын жолағы сынақ режимінде екі миллионға жуық маска шығарды. Толық өндірістік қуаты - айына бес миллион маскаға дейін, - деді "Болашақ 2019" ЖШС техникалық директоры Ғабит Нүсіпов. 

Медициналық маскалардың ерекшелігі - сүзгі қабатына жоғары қорғаныс қасиеті бар және су өткізбейтін материал қолданылады. Қазіргі уақытта кәсіпорында үш маусымда жұмыс істейді. "Біз біргеміз" акциясы аясында кәсіпорын №12 қалалық емханаға 5 мың маска жеткізіп берді. Маскалардың жоспарланған бағасы - 55 теңге (көтерме сауда), 60 теңге (бөлшек сауда). 

60db32a5c53a7679c4eaa2dd5649795c.jpg

Бетперде сатып алғысы келетіндер "Болашақ 2019" ЖШС (ТМ Bolashak fharma) мына мекенжай бойынша хабарласа алады: Нұр-Сұлтан қаласы, Байырқұм көшесі, 15. Телефон нөмірі: 8-701-111-58-64, 8-776-311-58-64, 8-775-672-26-36. 

Елордада басқа да бірқатар кәсіпорын маска тігумен айналысады. Сонымен қатар, әкімдік шілде айының ортасынан бастап қалаға пневмония, Covid-19 және басқа да ауруларды емдеу үшін 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізді.


Фото: дереккөз
Загрузка...