Бас жаңалықтар
Елордада масамен күрес шарасы қалай жүргізіледі
08 Мамыр 2021, 16:13 263

Елордада масамен күрес шарасы қалай жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада дезинсекциялық жұмыстар алты кезеңмен жүргізіледі, оның барысында 100-ден астам тұрақты және 90 уақытша қалыптасқан су айдыны, сондай-ақ ашық аумақтар өңделеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жұмысқа эпидемиологтар, биологтар, энтомологтар қатарынан жедел штаб құрылды. Жыл сайын энтомологиялық мониторинг жүргізу және кезең бойынша жұмыстар жүргізу кестелері жасалады.

Маусым бойы шыбын-шіркей жұмыстары алты кезең бойы жүргізіледі. Әрбір кезең барысында жалпы ауданы 6 мың шаршы метрден астам 111 тіркелген (тұрақты) су айдыны және 90 уақытша пайда болатын таяз су айдыны, сондай-ақ ауданы 200 мың шаршы метрден асатын ашық аумақтар өңделеді. Сонымен қатар қараусыз қалған және ескі үйлердің жертөлелерін өңдеу тұрақты негізде жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 12 сәуірден бастап мамандар таяз су қоймаларында масалардың дернәсілдеріне тексеру жүргізді.

Осыдан кейін ауа райының жылынуымен, яғни өткен айдың соңында шыбын-шіркейлердің алдын алу үшін қаладағы су қоймаларының бәрінде өңдеудің алғашқы кезеңін бастады.

Сондай-ақ қала сыртына масалар мен шіркейлерді ығыстыра отырып, ашық станцияларда – саябақтарда, гүлзарларда, тұрғын үй алаптарында дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді.

Бүгінде Есіл өзенінің жағалауы, Астаналық саябақ, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаң, Триатлон паркі, Президенттік саябақ, Ғашықтар саябағы, Ботаникалық бақ, аулаішілік аумақтар секілді орындар өңделді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына дезинсекциялық жұмыстар кезіндегі сақтық шаралары хабарланатын болады: 

- дезинсекция жүргізілетін орындарда, дезинфекторлардың жұмысы кезінде үйдің жанында болуға болмайды, 

- ал терезелер жабық болуы тиіс. 

Мамандардың айтуынша, масалар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болғандықтан, дезинсекциялық шаралар олардың санын азайтуға ғана бағытталады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...